М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжде әлеуметтік-экономикалық пәндер және әлеуметтік жұмыс ЦӘК онкүндігі аясында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа тәсілдері туралы» сыныптан тыс іс-шара өткізілді, оның мақсаты студенттердің өзіндік пікірін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға негізделген нақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру болды. Жастар ісі жөніндегі комитеттің белсенді мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұрандарын айтты. Шақырылған қонақ - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Аубакирова Екатерина Сергеевна болды, ол осы Департаменттің міндеттері мен қызметі туралы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа әдістері туралы әңгімелеп, оқу бейнематериалдарын көрсетті, сол арқылы жас ұрпақтың қызығушылығын тудырды. Білім алушылар «Адалдық алаңы», «Protecting business and Investments», «Sanaly Urpak» сияқты қазақстандық жобалар туралы, сондай-ақ «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының қызметі туралы жан-жақты ақпарат алды. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мерекесінің қарсаңында бұл іс-шара әсіресе өзекті болды. Шынында да, сыбайлас жемқорлық - бұл тез арада шешуді қажет ететін біздің қоғамдағы күрделі мәселелердің бірі. Және жастар - бұл індетпен күресуші болуы керек!
Новикова Е.В., Малгаждарова К.Г., «Жаппай құқықтану үйірмесінің» жетекшілері